Спартакиада медальдары

03.02.2019

Бұл күндері Назарбаев Университетінің (Астана) спорт орталығында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Спартакиадасы бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир қызу үстінде. Бүгін командалық есептегі чемпиондар анықталды. Бірінші болып ойын алаңына Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының әйелдер құрамалары шықты. Қарағандылықтар – 2007,2011 және 2015 ж.ж Спартакиадаларының жеңімпаздары, ал Орал теннисшілері өткен Спартакиаданың (2015 ж.) қола жүлдегерлері. Біреулер өз атағын қорғады, басқалар болса спорттық өмірбаяндарын жақсартуға тырысты. Матчты команда көшбасшылары Зәуреш Ақашева (Қарағанды) және Гүлчехра Құсейінова (БҚО) бастады. Олардың екі-үш жылдық қарсыластықтары бұл жолы Зәурештің пайдасына шешілді 3:1. Тәжірибелі Наталья Шумилова (Сладкова) Гаухар Алмағамбетованы жеңеді, сөйтіп есеп 2:0 болды. Алсу Сапарова, Гүлчехра Құсейінова матч жағдайын 2:2 мен теңестіреді. Алтын медаль тағдыры, анығырақ айтсақ ракеткалар Зәуреш және Гаухардың қолдарында. 1:0, 2:0 – Ақашева батыл түрде ойын көрсетеді. 2:1 – есебімен Алмағамбетова жеңіске деген жігерін танытады. Бұл қызықты шайқаста төртінші партия шешуші болды. Зәуреш Ақашева қобалжуын жақсы жеңді және Қарағанды облысының құрамасы кезекті рет Қазақстан Республикасының Спартакиадасын жеңіп алды. Жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский, теннисшілер Зәуреш Ақашева, Наталья Шумилова, Александра Смирнова және Маргарита Харечко құттықтаулар алып жатыр. Күміс жүлдеге ие болғандар Гүлчехра Құсейінова, Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетова, Әсем Нұрмұханбетова (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин).

Финалда ерлер құрамалары арасында бірінші орынға Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы таласты. Ойынға дейін үстел теннисінің білгірлері, Кирилл Герасименко астана үшін үш ұпайдың ішіндегі екеуін ұтып береді, ары қарай қалған спортшылардың өздеріне байланысты болады деген болжамдар айтқан еді. Солай болып шықты, Кирилл жоспарланған екі жеңіске жетті, ал оның үлкен ағасы тартысты шайқаста 15-жастағы Сағантай Құрмамбаевтан мықтырақ болды. Жалпы кездесу есебі 3:2 және Кирилл, Александр және Тимофей Герасименко, Роман Халилов (жаттықтырушылары Геннадий және Татьяна Герасименко) чемпион атанды. Бірінші рет Спартакиаданың командалық күміс жүлдесін Шығыс Қазақстан облысының құрамасы құрамында Денис Жолудев, Сергей Коновалов, Сағантай Құрмамбаев, Кирилл Сотник (жаттықтырушылары Ольга Архипова, Сергей Литвинов, Бауржан Шайхин) спортшыларымен жеңіп алды.

Спартакиада жалғасуда және оған қатысушылар жеке, жұптық және аралас разрядтарда жүлделерді ұтысқа салатын болады.





Талап Қойбағаров