15-17 желтоқсан аралығында Астанада Супер және 2-ші Лигаларда (әрқайсысы 12 командадан) үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қорытынды, IV турының матчтары өтеді. Бүгінгі таңда өз дивизиондарындағы көшбасшылар:
Суперлига - «Қарағанды-1» ҮТК,
«Altay Pro» (Өскемен), «Alga Express» (Алматы), «Шолақ-Терек» (Қостанай облысы),
«Шымкент» және «Хван Ман-Гым» СК (Өзбекстанның Ташкент облысы).
2-ші Лига - ТТС «Astana»,
«Allur» (Қостанай), «Масаншы жолбарыстары» (Жамбыл облысы), «Ертіс» (Павлодар),
«Хван Ман-Гым-2» СК (Өзбекстанның Ташкент облысы), «Қарағанды-2» ҮТК.
Талап Қойбағаров