Сохила Тагипур: «Турнир өте жақсы ұйымдастырылған және жоғары деңгейде өтті»

20.04.2025

Алматыда үстел теннисінен 29-шы Азия жастар чемпионатына (Ташкент) Орталық Азия біліктілік турнирі аяқталды және оны ITTF (Халықаралық үстел теннисі Федерациясы) жарыстарын өткізу жөніндегі менеджер Сохила Тагипур (Иран) қорытындылады: «Республикалық үстел теннисі Федерациясына турнирді тамаша ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, сіздердің төрешілеріңіздің жоғары кәсібилігін, олардың біліктілігін атап өтемін. Мен Алматыға екінші рет келдім, қаланың әсемдігіне, қонақжайлылықтарыңызға, қазақстандық жаттықтырушылар мен спортшылардың мейірімділіктеріне тәнті болдым. Келесі жылы Алматыда тағы да халықаралық жарыстар өтеді деп үміттенемін. Кездесуге дейін!».

Жексенбілік матчтардың нәтижелері және турнирдің қорытындылары:


Ұлдар.

Қазақстан-Өзбекстан 3:2

Иран-Қырғызстан 3: 0.


1 орын Иран

2 орын Қазақстан

3 орын Өзбекстан

4 орын Қырғызстан.


Қыздар.

Қазақстан-Өзбекстан 1: 3

Иран-Қырғызстан 3: 0.


1 орын Иран

2 орын Өзбекстан

3 орын Қазақстан

4 орын Қырғызстан.


Талап Қойбағаров