СҚО-да үстел теннисі орталығы, балабақша мен спорткешен ашылды

20.10.2024

Республика күні мерекесіне орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Парламент Сенатының вице-спикері Ольга Перепечинаның қатысуымен өңірде әлеуметтік маңызы бар және спорт нысандары ашылды. Бұл – «Бірлік» шағын ауданындағы балабақша, «Qyzyljar» үстел теннисі орталығы және «Береке» шағын ауданындағы спорт кешені, деп хабарлайды Social Media.

Сондай-ақ бұл күні «Qyzyljar» үстел теннисі орталығының ашылуы болды. Орталық үздік халықаралық стандарттарға сай: 24 үстелі бар ойын залы, жаттығу залы және көрермендерге арналған трибуна бар. Кешенде республикалық және халықаралық турнирлер, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады. Ашылу күні үстел теннисінен облыс біріншілігі өтті.


Турнирге қатысушыларды, облыс тұрғындарын және спорт қауымын өңір басшысы заманауи спорт нысанының ашылуымен құттықтап, үстел теннисінің дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі спорттық жарыстарға бару үшін үстел теннисі мектебіне шағын автобустың кілтін табыс етті.