9-11 қазан аралығында Бейжіңде жүлде қоры 20 000 АҚШ долларын құрайтын «WTT China Youth Smash» жастар арасындағы үстел теннисі турнирі өтеді. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар: Беньямин Фараджи (19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингте №7), Ли Ки Хо (Қытай Гонконгы, №8), Алан Құрманғалиев (Қазақстан, №9), Хунг Чэ-Йен (Қытай Тайбэйі, №10), Линь Цзиньтин (Қытай Тайбэйі, №11), Чжоу Гуаньхун (Қытай, №13), Ли Хэчен (Қытай, №15), Ма Ёнмин (Корея).
Турнир ересектер арасындағы «WTT China
Smash 2026» гранд-турнирінің финалдық күндерімен қатар өтеді.
Талап Койбагаров

