Словениядағы өкілдік турнир

15.06.2026

Словенияда (Любляна) 16-21 маусым аралығында "WTT Star Contender Ljubljana" халықаралық турнирі өтеді, оған Мива Харимото (Жапония, әлемдік рейтингте № 3-ші), Феликс Лебрун (Франция, № 4), Лин Шидун (Қытай, № 5), Чжу Юлин (Қытайдың Макаосы, № 5) Уго Кальдерано (Бразилия, № 6), Чен И (Қытай, № 6), Сабина Винтер (Германия, № 9), Данг Цю (Германия, № 10), Хина Хаята (Жапония, № 10), Вен Руибо (Қытай, № 11), Алексис Лебрун (Франция, № 12) және әлемдік үстел теннисінің басқа да жұлдыздары қатысады.

Қазақстанның атынан Люблянада Алан Курмангалиев, Фанг Бо, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.


Талап Қойбағаров