5-9 сәуір аралығында Гавиржов қаласында (Чехия) үстел теннисінен "WTT Feeder Havirov" халықаралық турнирі өтеді, оған қазақстандықтар Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев, Сарвиноз Миркадирова, Дастан және Айдос Кенжигуловтар, Абдулла Мамай, Анель Бахыт, Санжар Жубанов, Сагантай Курмамбаев қатысады.
Медальға негізгі үміткерлердің қатарында мынадай танымал спортшылар бар: Маттиас Фальк (Швеция) – жұптық разрядтағы Әлем және Еуропа чемпионы, Маркуш Фрейташ (Португалия) - Еуропаның екі дүркін чемпионы, Манав Таккар (Үндістан) - Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері, Флавиен Котон (Франция) - жастар арасындағы әлем чемпионы, Еуропаның вице-чемпионы, Сато Хитоми (Жапония) - Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Изабела Лупулеску (Сербия) - Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Наталья Байор (Польша) - Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.