Шығыс Қазақстандағы "Major Cup"

13.09.2025

Өскеменде екі күн бойы Қазақстанның қалалары мен облыс орталықтарынан, сондай-ақ жақын шетелден келген 70 спортшының қатысуымен үстел теннисінен дәстүрлі ашық республикалық "Major Cup" турнирі өтті.

Қызықты, тартысты матчтардың нәтижесінде келесі теннисшілер жеңіс тұғырына көтерілді:

1 орын Никита Мошков (Барнаул)

2 орын Алексей Жуков (Щелково)

3 орын Санжар Жубанов (Алматы)


Салтанатты марапаттау рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нурымбет Сактаганов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, турнирдің еліміздегі спортты дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.


Талап Қойбағаров