Шын жүректен көңіл айту

09.10.2026

Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы, жаттықтырушылар кеңесі мен спортшылар үстел теннисінен Батыс Қазақстан облысының бұрынғы аға жаттықтырушысы, Бүкілодақтық «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамының чемпионы, Өзбекстан Кубогының 5 дүркін иегері Сарвар Ризоевна Назарованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Сарвар Ризоевна үстел теннисі тарихында өшпес із қалдырды. Оның кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және шәкірттеріне деген шексіз сүйіспеншілігі чемпиондар мен елге лайықты азаматтардың бірнеше буынын тәрбиелеуге ықпал етті. Бұл біз үшін орны толмас қаза. Сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, сіздермен бірге аза тұтамыз.