Шымкенттің алтын дублі

28.03.2019

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің спорт залында 2001 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Командалық есепте алтын, күміс және қола жүлдегерлер анықталды. Қыздар мен жасөспірімдер арасында чемпиондық кубокты Шымкент құрамасы жеңіп алды (жаттықтырушылары Нұрлан мен Ердәулет Оразбаевтар, Міряқұб Мирасланов). Теннисшілер Сарвиноз Мірқадірова, Озода Азатова, Таңшолпан Шапей, Меруерт Ислам жартылай финалда алматылықтарды сенімді түрде жеңіп кетті (3:0), ал финалда жауынгерлік матчта Батыс Қазақстан облысының құрамасын жеңді (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин) 3:2:

Сарвиноз Мірқадірова-Алсу Сапарова 0:3,

Озода Азатова-Аружан Бекіш 3:0,

Таңшолпан Шапей-Нұрұмбетова 3:1,

Озода Азатова-Алсу Сапарова 0:3,

Сарвиноз Мірқадірова-Аружан Бекіш 3:0.

Үшінші орын үшін ойында Алматы құрамасы (Анель Бақыт, Виктория Маркина, Ділназ Жүніс, жаттықтырушылары Айман Оспанова, Самат Бейсенов) Қарағанды құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті.

Шымкент жастары Бақдәулет Әкімәлі (суретте), Ырысбек Артұқметов, Нұрпейіс Дарханбай, Ердос Құралбай финалдық жекпе-жекте келешегі бар құрамында 12 жасар Алан Құрманғалиев, 13 жасар Әмір Торғайбеков және 14 жасар Темірлан Ким (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский) сияқты ойыншылары бар Қарағандыны жеңді 3:0. Үшінші нәтиже жамбылдықтарда Ескендір, Абдул-Мәжіт пен Мүслім Харки, Алнурашит Сәдуақас (жаттықтырушысы Нұрсұлтан Хасанов).

Ел чемпионаты жалғасуда.

Талап Қойбағаров