«Shymkent CUP» басталады

09.02.2025

11-14 ақпан аралығында Шымкентте үстел теннисінен дәстүрлі республикалық «Shymkent CUP» турнирі өтеді, оған Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының спортшылары қатысады.

Медальдар мен сыйлықтар келесі жас санаттарында ұлдар мен қыздар арасындағы жеке разрядта ойналады:


2008 ж.т. -2010 ж.т.,

2011 ж.т. -2012 ж.т.,

2013 ж.т. -2014 ж.т.,

2015 ж.т. және одан кіші.


Талап Қойбағаров