Эребру қаласында «Swedish Junior & Cadet Open, ITTF Junior Circuit» атты Швецияның үстел теннисінен Ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Әлемнің 37 елінен келген 326 спортшы 13,15,18 жас санаттарында жүлделер үшін күресті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Самат Бейсенов біздің теннисшілеріміз Темірлан Кимнің, Сарвиноз Мірқадірованың, Александра Смирнованың, Алан Құрманғалиевтың қорытынды ойындары туралы пікірімен бөлісті: «Жасөспірімдер арасындағы турнир өте күшті болды, онда біз Жапонияға, Сингапурға, Германияға, Ресейге, Чехияға, Англияға қарсы ойнадық. Турнирде бәрінен ұзақ жүріп өткен ол Сарвиноз Мірқадірова болды – екінші, жұбанышты финалда ол мықты сегіздіктің арасында болды! Кадеттер арасындағы жарыста сәтті ойын көрсеткен Алан Құрманғалиев және Сарвиноз Мірқадірова болды, олар өз топ бөлігінен шығып бірінші және екінші орындардан тиісінше финалдың 1/32 бөлігіне жетті. Алан Чехиялық мықты қарсыласын ұтып, 1/16 бөлігіне шықты, онда Ресейлік Денис Изумрудовқа есесін жіберіп алды.
Сарвиноз
сондай-ақ финалдың 1/16 бөлігіне жетті. Ол Шведтік спортшыны жеңіп Мысыр
спортшысына есесін жіберді. Алан Құрманғалиевтың және Сарвиноз Мірқадірованың
ойындары жақсы әсер қалдырды.
Темірлан Ким және
Александра Смирнова өз топ бөліктерінен шыға алмады және 1-ші финалдың сыртында
қалып қалды. Темірлан жарыстың соңында өз ойынын тауып, екінші (жұбанышты)
финалда 1 орынды иеленді. Александра әртүрліойын қисындарында өз қарсыластарына
есесін жіберіп отырды, мүмкін ол жуықта алған аяғының жарақатына байланысты
шығар».
Талап Қойбағаров