21 жасқа дейінгі спортшылар 46-мыңдық Лохья қалашығында үстел теннисінен "Finland Open" халықаралық турнирін ашты. Қазақстандықтар арасында ширек финалға дейін жеткен Анель Бақыт (суретте) ең табысты өнер көрсетті. Ол Виктория Мочалкинаны (Қазақстан) 3:0, Жозефина Хаагенсенді (Дания) 3:2 есебімен жеңіп, "Finland Open" рейтингісінде 21 жасқа дейінгілер арасында бірінші орындағы, литвалық Корнелия Рилискиттен 0:3 есебімен ұтылды.
Алан Құрманғалиев
Бенджамин Пигготтаны (Англия) 3:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалға шығу үшін ойында Ян
Валенттен (Чехия) 1:3 есебімен ұтылды. Виктория
Мочалкина Фанни Доутаздан (Швейцария) 3:0 есебімен басым түсті, алайда
Анель Бақыттан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Қалған жастарымыз Темірлан Ким, Сарвиноз Мирқадірова, Александра
Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская
бірінші шептен өте алмады.
Талап Қойбағаров