Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирінің соңғы күні ерлер арасындағы жұптық разрядта үшінші орынды қазақстандықтар Денис Жолудев пен Сағантай Құрмамбаев иеленді. Олар Дастан Кенжеғұловты/Ырысбек Артықметовты (Қазақстан) жеңді, корей ойыншылары Чан Уджин/Лим Джонхун медициналық себептер бойынша келмеулеріне байланысты олардан ары қарай өтті, ал жартылай финалда Линь Юньжу/Ляо Чен-Тинден (Тайбэй) ұтылды.
Аралас разрядта "WTT Сontender
Almaty" чемпиондары Линь Юньжу/Чэн
Сзу-Ю (Тайбэй) болды.
Бүгін жеке және жұптық разрядтарда финалдық матчтар өтеді.