Үшінші орын - бұл қола медаль

02.11.2026

Сомбатхей қаласында (Венгрия) үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жастар турнирі аяқталды.

Қостанайдан келген 13 жасар Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) U15 жас санатында өнер көрсетіп, 3 орын алды. Құттықтаймыз!

Қола жүлдеге жету жолында Жәния Венгрия, Молдова, Польша, Румынияның қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда Катар спортшысына орын берді.


Талап Қойбағаров