Бременде өткен үстел теннисінен Германия чемпионатының 18-ші турында жергілікті «Werder» мен Бергнойштадттан келген «TTC Schwalbe» кездесті. Маусымның соңына дейін екі клубтың да міндеттері әртүрлі: матч иелері ең мықты дивизионда өз орындарын сақтап қалуға тырысуда, ал қонақтар Бундеслиганың жартылай финалына ұмтылуда.
Бремендіктер Маттиас Фальк (Швеция), Кирилл
Герасименко (Қазақстан), Хунор Сёч (Румыния) арттарында 2-лига тұрғанын және
шегінуге жол жоқ екенін түсініп, қарсыластарына бірден шабуыл жасап, өз қайсарлықтарымен
олардың рухын бұзды.
Маттиас Фальк («Werder») - Альваро Роблес («TTC Schwalbe») 3:0
Хунор Сёч («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 2:3
Кирилл Герасименко («Werder») - Альберто Мино («TTC Schwalbe») 3:2
Маттиас Фальк («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:1.
Жалпы есеп 3: 1, «Werder» ең мықты лигада қалады.
Талап Қойбағаров