Наурыздың екінші жартысында Орал қаласында 2002 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Осы жауапты іс-шараға Түркістан қаласында қатты дайындалуда, қызу жаттығулардан кейін Жетісай қаласында облыс чемпионаты өтіп, онда Батыс Қазақстан облысына жарысқа бару үшін мықтылар іріктеліп алынды. Үш күн бойы 11 ауданнан келген 170 теннисші кең кешенде бақ сынасты және олар көптеген жанкүйерлеріне, достарына, сыныптастарына, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевқа, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Еркебұлан Сейдалиевқа, облыстың аға жаттықтырушысы Ержан Есімхановқа өздерінің шеберліктерін, дағдыларын, ептіліктерін көрсетті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша мықтылар анықталды:
Жасөспірімдер:1-орын Рамазан Нәзір (суретте);
2-орын Жарқынбек Мырзахул;
3-орын Дәулетбек Мұханбет Әли;
3-орын Нұржігіт Жолдыбай.
Қыздар:
1-орын Аружан Нұржанқызы;
2-орын Гүлера Шавкатова;
3-орын Дариға Кенжебекова;
3-орын Рахима Рахымтаева.
Талап Қойбағаров