Шебердің шеберлік класы

08.09.2025

11 қыркүйекте Жезқазғанда Ұлытау облысының спортшылары үшін үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, үш жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2016, 2020, 2024), халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Кирилл Герасименконың шеберлік сыныбы өтеді.

Практикалық және теориялық сабақтар, шеберлік сабақтары, "сұрақ-жауап" форматындағы кездесу Республикалық үстел теннисі Федерациясы мен "Қазақмыс" корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде өтеді.


Талап Қойбағаров