Шағын ракетка шеберлері Лас-Вегаста жиналды

18.06.2018

Көз тартымды оттар мен құмарлықтың қаласы ардагерлер арасында өтетін үстел теннисінен 19-шы әлем чемпионатына әлемнің 98-елінен келген 4000 спортшыны қабылдап жатыр. Қазақстанның намысын алматылық Жанбота Абдрахманов(жас аралығы 45+) және Махатай Рамазанов (65+) Ақтау қ. қорғайды. Бүгін біздің жерлестеріміз жаттығу залында жаттығуларын жасады, онда 250 ойын үстелі орнатылған, олар өз ракеткаларының жауынгерлік дайындығын тексеріп және ертең чемпионаттың біліктілік рауындта өз өнерлерін көрсететін болады. Қазақстандықтарға сәттілік тілейік!

Талап Қойбағаров