Қазақстандағы "Donic" фирмасының ресми өкілі, спорт шебері Алексей Тимченконың қаржылай қолдауымен бүгін "ADD" үстел теннисі орталығында (Алматы) - республиканың жетекші спортшылары танымал брендтен кәсіби киім-кешектің иегерлері атанды. Сөмкелер, кроссовкалар, костюмдер, ішкөйлектер, қысқа шалбарлар, белдемшелер, орамалдар, шұлықтар, жапсырмалар, желім, негіз әрқашан шаруашылықта пайдалы болады.
Еске сала кетейін, "Donic" -
негіздер, жапсырмалар, ракеткалар, доптар, үстелдер, киім және үстел теннисіне
арналған жабдықтарды әлемдік жетекші өндірушілердің бірі болған неміс
компаниясы. Миллиондаған әуесқойлар мен кәсіпқойлар "Donic" өнімдеріне
сүйенеді.
Талап Қойбағаров