Сейсенбі несімен есте қалды?

05.05.2021

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының жаттықтырушылық ұжымы Дмитрий Левенко (Австрия), Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко Алматыда өткен Қазақстанның ең мықты ұлдар мен қыздар турниріне қатысушыларға ерекше назар аударды. Ұтыс ойынының айналмалы және олимпиадалық жүйесінің қорытындысы бойынша келесі жас санаттарындағы жүлдегерлер анықталды:

2003 ж.т. ұлдар

1 орын Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), 2 - Алан Құрманғалиев (Қарағанды), 3 - Ескендір Харки (Жамбыл облысы).

2003 ж.т. қыздар

1 орын Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), 2 - Анель Бақыт (Шымкент), 3 - Ангелина Романовская (Павлодар облысы).

2006 ж.т. ұлдар

1 орын Әмір Торғайбеков (Қарағанды), 2 - Абдұлла Мамай (Түркістан), 3 - Рамазан Нәзір (Түркістан).

2006 ж.т. қыздар

1 орын Альбина Жақсылықова (Қарағанды), 2 - Аружан Бекіш (Батыс Қазақстан облысы), 3 - Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан).

Сейсенбі несімен есте қалды? Түркістандықтар Абдұлла Мамай мен Шахзода Ахмадәлиева төртінші орыннан тиісінше 2-ші және 3-ші орындарға көтерілді. Виктория Мочалкина (Қарағанды), Дамир Мэлсов (Батыс Қазақстан облысы) құрмет тұғырының жанында болды, бірақ оған жете алмады. Алан Құрманғалиев Сағантай Құрмамбаевты 3:0 есебімен жеңіп, кешегі жеңілісі үшін реванш алды.


Талап Қойбағаров