Үстел теннисінен Қазақстанның жазғы Универсиадасы жеке сынақтағы жарыстармен аяқталды. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенті (Семей қ.), спорт шебері Сағантай Құрмамбаев ұлдар арасында чемпион атанды, ол финалда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті спорт шебері Санжар Жұбановтан басым түсті. Үшінші орында спорт шебері Сарвар Ырысәлиев, Халықтар достығы университеті (Шымкент).
Қыздар арасында "Алтын" жүлдені Республиканың ұлттық
құрамасының мүшесі Зәуреш Ақашева
(Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті) жеңіп алды. "Күміс" және
"қола" жүлделерді Айя Әлімбаева
мен Айбану Нұранбай иеленді (екеуі
де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-өкілдері). Командалық және жеке жарыстардың қорытындысы
бойынша құрмет тұғырына келесі құрамалар көтерілді:
Ұлдар.
1 орын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті -
Санжар Жұбанов, Есен Рамазанов, Рахат Полатханов, Садуақас Әбдірашид, жаттықтырушылары
Тимур Бейсәлиев;
2 орын Шымкент университеті - Сабыржан Аман, Нұрпейіс
Дарханбай, Бекзат Байзақ, жаттықтырушылары Жанболат Серімбетов;
3 орын Халықтар достығы университеті (Шымкент) - Сарвар
Ырысәлиев, Бекұлан және Еркебұлан Жамал, жаттықтырушылары Рахымжан Байжұматов.
Қыздар.
1 орын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - Айя
Әлімбаева, Гаухар Алмағамбетова, Айбану Нұранбай, Гүлзақира Құрал, жаттықтырушылары
Қуаныш Жаркешев;
2 орын Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті - Зәуреш
Ақашева, Эльмира Кеңесбекова, Диана Даниярқызы, жаттықтырушылары Нұрсұлтан
Саликов;
3 орын Тараз өңірлік университеті - Сәуле Иманәли,
Альбина Тұрар, Мәдина Мұқаш, жаттықтырушылары Игорь Пушкарь, Аршыдин Тохтыев.
Талап Қойбағаров