"ADD" Алматы үстел теннисі орталығында қазақстандық спортшылар мен олардың ресейлік әріптестері "ОТМК" (Орал тау-кен металлургия компаниясы, Свердлов облысы) клубының спортшыларының оқу-жаттығу жиыны аяқталды. ОТMK әйелдер командасының аға жаттықтырушысы Сергей Азважинский өз әсерімен бөлісті:
- Алматыда жиындар үшін тамаша жағдайлар жасалған - тамақтану, орналастыру, жаңа үстелдер. Қазақстандық жаттықтырушылармен жақсы
жұмыс жасадық. ОЖЖ-ның басты міндеті үстелдерде жаттығу болды, өйткені бізде төртеуі
ересектер спартакиадасына, үшеуі балалар спартакиадасына кетеді және біз оларды
дайындау міндетін орындадық. Алдыңғы екі жиында жалпы дене дайындығына назар
аударылды.
Сұрақ: қазақстандық
теннисшілер сізге қалай көрінді?
Сергей Азважинский:
осыдан 10 жыл бұрын Кирилл Герасименко бізге жиынға келген болатын, содан бері
сіздерде мықты спортшылар пайда болды. "ADD" орталығында ОЖЖ-мен қатар
Қазақстанның балалар чемпионаты өтті және жаңа жұлдыздар өсіп келе жатқанын көрдім.
120 ұл және 120 қыз балалар қатысты - әр ел мұндай қатысушылармен мақтана
алмайды. Жақсы, сіздер дұрыс бағытта жұмыс
істеп жатырсыздар.
Талап Қойбағаров