24-28 қыркүйек аралығында Зренянин қаласында (қала сербтік коммунист, партизан және Югославияның Халық батыры Жарко Зренянин есімімен аталады) жасөспірімдер мен кадеттер арасында үстел теннисінен Сербияның ашық біріншілігі өтеді. 33 елден 202 қатысушы болады. Қазақстаннан Сәрвиноз Мірқадырова (Шымкент), қарағандылықтар Александра Смирнова, Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Сәттілік, қазақстандықтарға!
Талап Қойбағаров