"TTC Karaganda" клубының спортшылары Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина (жаттықтырушылары Татьяна Ким) қалалық типтегі Сиверский кентінде (Ленинград облысы) өтіп жатқан "А" Жоғарғы лигасындағы Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының 4-ші турында сәтті өнер көрсетуде. Біздің қыздар бес ойын өткізіп, төрт жеңіске жетті:
«TTC Karaganda» - «Сентябрь» (Сосновый бор, Ленинград облысы) 3:0, «Ржевка» (Санкт-Петербург) 2:3, СШОР №2 (Санкт-Петербург) 3:2, «МГФСО-ФИЛИ» (Мәскеу) 3:0, «Ника-Юниор» (Сиверский) 3:2. Жарайсыңдар!
Суретте Александра Смирнова мен Арай Әшкеева.
Талап Қойбағаров