Сенбі күні Олимпиадаға қатысушылар анықталады

19.03.2021

Қазақстанның үстел теннисі шеберлері 18 Наурызда Дохада (Катар) басталған Азия олимпиадалық біліктілік турнирінде ауыспалы сәттілікпен бастама алды. Біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко кіші топта екі жеңіспен жартылай финалға шықты: Эльмурод Халиков (Өзбекстан) 4:0, Нима Аламиян (Иран) 4:3.

Айдос Кенжеғұлов өз жанкүйерлері мен тәлімгерлерінің сенімдерін ақтай алмады, Ношад Аламияға (Иран) 0:4 және Азамат Ергешовқа (Қырғызстан) 1:4 есептерімен ұтылды.

Анастасия Лаврова Шима Сафаэиді (Иран) 4:2 есебімен жеңді, бірақ Римма Гуфрановаға (Өзбекстан) 2:4 есебімен жеңілді.

Зәуреш Ақашева (суретте) Мархабо Мағдиеваны (Өзбекстан) 4:3 есебімен жеңіп, Неда Шахсавариге (Иран) 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Аралас разрядтағы турнирдің нәтижелері.

Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова - Найре Джанн Мари/Фадоль Руоз Жан (Филлипин) 4:1;

Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова - Танвириявечакул Падасак/Саттабут Сутасини (Таиланд) 0:4.

20 наурызда Токиоға Олимпиада жолдамаларының иегерлері белгілі болады. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров