Семинар жақсы деңгейде өтті

28.02.2025

Астанадағы «ADD Table Tennis Center Astana» орталығында Астана, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстаудан келген 15 тәлімгер Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы Геннадий Герасименко өткізген семинарға қатысты.

Келесі тақырыптарды зерттеп, талқыладық:

- Ойын алдында спортшыларды ширатып шынықтыру;

- Денені ширату техникасы;

- Жүктемені бірітіндеп азайту не үшін қажет?

- Бірітіндеп азайту техникасы;

- Үстел теннисіндегі қозғалыс биомеханикасы;

- Дененің қалпы, аяқтың, қолдың жұмысы және бұл жас спортшының шеберлігінің одан әрі өсуіне қалай әсер етеді.


Семинар жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өтті, таңдалған тақырып өте сауатты құрастырылды және мұнда алған білімдерін жаттықтырушылар міндетті түрде өз аймақтарында, республикада үстел теннисін дамыту үшін пайдаланады.


Талап Қойбағаров