"Sheber partners" ЖШС Бас директоры Ералы Сауранбаев Алматы үстел теннисі Федерациясының президенті болып сайланды. Оның кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті Қазақстанның оңтүстік астанасында олимпиадалық спорт түрінің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Ералы Сауранбаев:
"Біздің қаламыздағы үстел теннисі бай дәстүрге ие - мұнда еліміздің көптеген
чемпиондары, ірі жарыстардың жеңімпаздары, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері
дайындалған, осының бәрін көбейтетін боламыз. Біздің ұранымыз: "Үстел
теннисі - барлығына арналған спорт".
Кәсіби спортты одан әрі дамыту, халықаралық деңгейдегі
теннисшілерді даярлау, алматылықтардың ең жоғары деңгейдегі турнирлерде табысты
өнер көрсетуі, бұқаралық іс-шараларға жәрдемдесу, әртүрлі жас санатындағы халықты
үстел теннисімен айналысуға тарту бойынша көптеген жұмыстар күтіп тұр". Ақ
жол!
Талап Қойбағаров