Жақында үстел теннисінен Германия чемпионаты басталады. Кирилл Герасименкомен бірге Бременнің "Werder" клубы 2023/2024 маусымына оптимистік көзқараспен қарауда және 12 команда арасында тек 7 орын алған былтырғы нәтижесін жақсартуға тырысады.
"Werder"
менеджері Саша Гребер: "Жаңа
маусымды сол құрамда бастаймыз, өйткені бізде нағыз біртұтас команда бар.
"Werder" -де жағымды атмосфера, біз бір-бірімізді қолдаймыз".
Суретте солдан оңға қарай: Кристиан Плетя, Кирилл Герасименко, менеджер Саша Гребер, жаттықтырушы
Кристиан Тамас, Маттиас Фальк және Марсело Агирре.
Талап Қойбағаров