«Saryarka» орталығындағы ел чемпионаты

21.09.2026

22–27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің облыстарынан келген 200-ден астам жасөспірім ұлдар мен қыздар командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптық сындағы медальдар үшін бақ сынайды.


Талап Койбагаров