Ақтауда Халықаралық Олимпиада Күніне орай Маңғыстау облысының Үстел теннисі федерациясының "Сұңқар" атты спорт базасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сегіз теннис үстелі, гимнастика залы, душ кабинасы бар екі киім шешетін бөлме, жаттықтырушылар бөлмесі, мүкәммалдық үй-жай және асхана жаттықтырушыларға, шағын ракетка шеберлеріне арналған нағыз сыйлық болды және бұл өңірде осы спорт түрін дамытуға тамаша демеу болады. Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак жобаның бас демеушісі - ЖШС "Ақтау BS Строй" құрылыс компаниясының бас директоры Сұңғат Мұңалбаевқа, облыстық Федерация басшылығына, жаттықтырушылар штабына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Талап Қойбағаров