Санкт-Петербургтен қола медаль

02.12.2025

Санкт-Петербург қаласындағы "Комета" әмбебап спорт кешенінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей теннисшілерінің қатысуымен Николай Никитинді еске алуға арналған XXV Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті. 14 жасқа дейінгі жас санатында Өскемендік Нурдаулет Азаматулы қола медаль жеңіп алды - ол 7 ойын өткізіп, 6 жеңіске жетті.

Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров