Клуж-Напока қаласында (Румыния) үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде және Алан Курмангалиевтің 19 жасқа дейінгі жас санатындағы қарсыластары жеке, жұптық және аралас разрядтарда анықталды.
Жеке разряд, 1/16 финал.
Алан Курмангалиев - Энрике Риос (Пуэрто-Рико)
Аралас разряд, 1/16 финал.
Алан Курмангалиев/Хана Года (Қазақстан/Мысыр) -
Энрике Риос/Кристал Мелендес (Пуэрто-Рико)
Жұптық разряд, 1/8 финал.
Алан Курмангалиев/Беньямин Фараджи (Қазақстан/Иран)
- Тиаго Абиодун/Юлиан Чирита (Португалия/Румыния)
Талап Қойбағаров

