Үстел теннисінен Германия чемпионатының келесі туры өтті, онда Кирилл Герасименконың Бремендік "Werder" клубы Мюльхаузеннің "Post SV" клубын қабылдады. Екі клуб та осы маусымда тұрақсыз ойын көрсетуде: "Werder" клубында 5 жеңіс, 5 жеңіліс бар (5:5), "Post SV" клубында 4: 4 және екі клубтың теннисшілеріде ойынға бір ғана ниетпен шықты, ол рождестволық демалысқа оң теңгеріммен кету. Турнир кестесі бойынша көршілердің негізгі ойыны қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды (суретте "Post SV" клубы).
Маттиас Фальк («Werder») - Овидиу
Ионеску («Post SV») 3:1;
Хунор Сеч («Werder») - Даниэль Хабесон («Post SV»)
2:3;
Кирилл Герасименко («Werder») - Штеффен
Менгель («Post SV») 2:3;
Маттиас Фальк («Werder») - Даниэль
Хабесон («Post SV») 3:1;
Марсело Агирре/ Хунор Сеч («Werder») -
Овидиу Ионеску/ Любомир Янчаржик («Post SV») 2:3.
Талап Қойбағаров