Құрметті марапат

21.08.2026

Қарағандыда ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қазақстандық спортты насихаттауға үлес қосатын спорт ардагерлеріне, жаттықтырушыларға, сала қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, құрмет грамоталарын табыс етті.

ҚР ҰОК бірінші дәрежелі «Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» құрмет белгісімен Қарағанды облысының үстел теннисінен аға жаттықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Құрмет" орденінің иегері, КСРО спорт шебері Эльмира Алиева марапатталды.

Құрметті марапатпен құттықтаймыз.


Талап Қойбағаров