Құрметті марапат

25.12.2025

Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин жаттықтырушылар Эльмира Алиевамен, Геннадий Герасименкомен, спортшылар Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұловпен кездесіп, оларға командалық, сондай-ақ Сауд Арабиясы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеке разрядтарда жеңіп алған алтын медальдары үшін 12 млн.теңге сомасына сыйлық сертификаттарын табыс етті.

"Бұл табыс заңға сай - бұл сіздің орасан зор еңбегіңіздің нәтижесі. Турнир барысында сіз жеңіске деген ерік-жігеріңізді, кәсібилігіңізді және нағыз спорттық мінезіңізді көрсеттіңіз. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, спорттық шеберлікті жетілдіруді жалғастырып, медаль жеңіп алып, құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілуді тілеймін", - деді Данияр Абулғазин.


"Сауд Арабиясында біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік және ешкімнің де қалыс қалмауына тырыстық. ҚР Үстел теннисі федерациясы басшылығына Ислам ынтымақтастығы ойындарына дайындық барысында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін, біздің спорттың түрін дамытуға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, фармакология мен дәрумендерді ұсынуға қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін одан әрі арттыруға және әлемдік деңгейде тұрақты нәтижелер көрсетуге ынталандыратын ірі халықаралық жарыстар өткізгені үшін үлкен рахмет",- деді ҚР құрама командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко.

















Талап Қойбағаров