Ақпан Батырды еске алуға арналған үстел теннисінен III-ші турнир аяқталуда. Кеше командалық есептегі чемпиондар мен күміс жүлдегерлер анықталды, ал бүгінде қола медаль иегерлері белгілі болды. Қарағандылықтар Әмір Торғайбеков, Асылхан Мағзұмбеков, Райымбек Келбұғанов, Зиётжон Нұрматов 3:2 есебімен "Қазақстан-3" командасын жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Түркістандық қыздар Шахзода Ахмадәлиева, Ноила Ханиязова
"Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) клубының ойыншылары Әсел Еркебаеваны,
Хуснора Иминованы 3:2 есебімен жеңді.
Бейсенбіде жеке разрядтағы ең мықтылар анықталады.
Талап Қойбағаров