Құрмет тұғыры өте жақын

18.04.2021

Жұма күні Оралда үстел теннисінен Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының жеке есебінде алтын жүлдені ұтысқа салатын спортшылар анықталды. Қазірдің өзінде 1/16 финалда, құрмет тұғырына ұмтылған қазіргі жарыстардың көшбасшыларын қарастыруға болады. Осылайша, Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) оңай және еркін түрде турнирлік тормен өтіп, қарсыластарынан аса қиындық көрмеді, енді ол бірінші орын үшін шайқаста Қазақстан ұлттық құрамасы бойынша құрбысы Әнел Бақытпен (Шымкент) бақ сынасады.

Гюзель Торшаева (Маңғыстау облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Арай Әшкеева (Қарағанды облысы), Мәлика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан) Батыс Қазақстаннан қола медаль алып келу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.

Ұлдар арасында чемпионаттың басты ойынына Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы) және Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) сенімді түрде жетті. Үшінші орын үшін Санжар Жұбанов (Батыс Қазақстан облысы), Темірлан Ким (Қарағанды облысы), ағайынды Ескендір, Абдұл-Мәжит Харки (Жамбыл облысы) күресті жалғастыруда. Барлығы 18 сәуірде шешіледі.

Талап Қойбағаров