Рейтингтерді жақсартамыз

21.05.2026

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, онда Қазақстан командасының көшбасшылары Лондондағы командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеннен кейін өз позицияларын жақсартты:

Кирилл Герасименко 58 орыннан 36-ға, Алан Құрманғалиев 160-тан 135-ке, Зәуреш Ақашева 144-тен 111-ге және Сарвиноз Миркадырова 231-ден 174-ке көтерілді.


Талап Қойбағаров