Алматыда үстел теннисінен жоғары лига ерлер командалары арасындағы Қазақстанның Ашық чемпионатының 3-турыболып өтті. Он команданың ішінде тек «Шымкент», Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығы (Ақтөбе), «Ертіс» (Павлодар) және «Орал» (Орал қ.)2019 жылғы Супер лигамаусымына шығуға мүмкіндіктерін жіберген жоқ. Үш күн бойы Шымкенттіктер тоғыз кездесуде тоғыз жеңіске жетті және 18 ұпаймен турнир кестесін басқарды. Екінші орында 17 ұпаймен Ақтөбеліктер Бейбол Сағын, Деас Мархабаев, Жаңай Есенгелді, Ибраһим Оспанов, Алексей Мостовой. Олар 4:2 есебімен Павлодардың «Ертіс» командасын жеңіп кетті және өздерінің қарсыластарын үшінші орынға қарай ығыстырды. Қорытынды турда (желтоқсан) Павлодарлықтар Алексей Мищук, Константин Бондаренко, Василий Федотов, Александр Максимов еш күмәнсіз Ақтөбеліктерден және де Шымкенттіктерден де реванш алуға тырысады.
Төртінші
орыннан оныншы орынға дейін орналасқандар «Орал» (Орал
қ.), «Арыстандар» ( «Шаңырак» спортмектебі,Алматы), Хван Ман Гым -2
(Өзбекстан), «Каспий» (Ақтау), ОРМБЖМ – Сұңкар (Түркістан облысы), «MIKZ» (Қостанай),
«Ардагер» (Алматы).
Талап Қойбағаров