Үстел теннисінен Қазақстанның 5-ші Жастар спорттық ойындарында жеке есептегі алтын, күміс, қола медальдарға үміткерлер анықталды. 23 мамырда ұлдар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) сарапқа салады. "Қола" жүлдесі үшін шымкенттіктер Бақдәулет Әкімәли мен Ырысбек Артұқметов жекпе-жек өткізеді. Қыздар арасында финалда Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды) кездеседі, ал Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы) және Анель Бақыт (Шымкент) үшінші орынға таласады.
Алдағы финалдар туралы бірнеше сөз. Командалық турнир
кезінде Ескендір Харки Алан Құрманғалиевтен мықты болса, Сарвиноз Мирқадірова Зәуреш
Ақашеваны жеңді. Енді олар жеке жарыстардың басты матчтарында кездеседі және сұрақ
туындайды - реванш болады ма?
Суретте жеке турнирдің финалистері Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев
және Сарвиноз Мирқадірова.
Талап Қойбағаров

