24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" - орталығында 2013 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында республикалық "Hopes Week&Challenge" іріктеу турнирі өтеді.
(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Hopes бағдарламасы - бұл жарыстар мен турнирлерде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен көптеген әлемдік деңгейдегі ойыншыларға трамплин ретінде қызмет еткен жақсы қалыптасқан жаһандық таланттарды анықтау жобасы. Айтпақшы, 2019 жылы біздің Алан Курмангалиев (Қарағанды) әлемдік "Hopes Week" үздік ойыншысы атанған болатын.
Бұл жолы "ADD Table Tennis Center Astana"- орталығында кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ердаулет Оразбаевтың басшылығымен Астана, Алматы, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан келген 60 теннисші (30 ұл және 30 қыз) оқу-жаттығу жиынын өткізеді, ал 1-2 наурызда турнирде азиялық "Hopes Week&Challenge" ойынына 2 жолдама (1 ұл балаларға және 1 қыз балаларға) ойналады.
Талап Қойбағаров