Бішкекте (Қырғызстан) ITTF сарапшысы Париня Нонсагатэның (Таиланд) басшылығымен (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясының «Regional Hopes Week & Challenge» бағдарламасы бойынша жаттығу жиындары басталды. Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстаннан келген 10-11 жастағы ұлдар және қыздар 9 қаңтарға дейін екі рет жаттығулар өткізеді, ал 10 қаңтарда «Hopes Week Middle Asia» турниріне қатысушылардың арасынан мықтыларды анықтау үшін аймақтық іріктеу турнирінде ойындарын өткізеді. Күшті дегендер (екі ұл және екі қыз) бір жылдың ішінде өз тәлімгерлерімен бірге ITTF есебінен 12 беделді турнирлерде және бірлескен халықаралық жиындарда өз өнерлерін көрсете алады. Қазақстанның атынан шығатындар (суретте) Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Рамазан Нәзір (Түркістан облысы), Алиса Цвигун (Астана) және Виктория Мочалкина (Қарағанды). Жерлестерімізге сәттілік!
Талап
Қойбағаров