«Хван Ман Гым» спорт клубының үстел теннисі орталығында (Өзбекстанның Ташкент облысы) ITTF (Халықаралық үстел теннисі Федерациясы) кадрлар комитетінің бұрынғы төрағасы Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық жасөспірімдер клубтық чемпионатының III туры өтуде.
Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары 26 құрама
команданың ішінен ең мықтысын анықтады.
Финал.
«Хван Ман Гым» (Өзбекстан) – «Түркістан» (Қазақстан) 3:2.
3 орын үшін матч.
«Қарағанды – 1» - «Түркістан-2» 3:0.
1 орын «Хван Ман Гым» (Азаматхон Насыров, Рахматилло Абдурашидов,
Мухторали Исмоилов).
2 орын «Түркістан» (Санжар Ибахан, Орынбасар Есімхан, Ноила Ханиязова).
3 орын «Қарағанды - 1» (Асылхан Магзумбеков, Мария Лукьянова, Медет Нурумов).
Ертең жеке турнир өтеді.
Талап Қойбағаров, Өзбекстан.



