Құрама есігін қатты дауыстап қағу

30.12.2019

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу жарысы Алматы қаласында өтті. Он алты ер және он бес теннисші қыз балалар үш күн ішінде екі турнирге қатысып, чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады. Кирилл Герасименко, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамалдың болмауына байланысты ерлер арасында құрмет тұғырына Айдос Кенжеғұлов (Орал, 1 орын), Денис Жолудев (Өскемен, 2 орын), Эрик Райтер (Қарағанды, 3 орын) көтерілді.

Әйелдер арасында біздің екі көшбасшымыз Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан, 1 орын) мен Зәуреш Ақашева (Қарағанды, 2 орын) жаттықтырушыларына, қарсыластарына, жанкүйерлеріне жақсы спорттық ойын көрсетіп, еліміздің бас командасындағы өз позицияларын нығайтты.

16 жасар алматылық Әнел Бақыт сенімді өнер көрсетті. Оның жеңіске деген жігері жүлделі үшінші орынды иеленіп, Қазақстан ұлттық құрамасының есігін қатты қағуға мүмкіндік берді.


Талап Қойбағаров