Ракеткаларын ұштастыру арқылы чемпионды анықтады

10.07.2018

«Маңғыстау Арена» (Ақтау қ.) спорттық кешенінде ардагерлер арасындағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталып келеді. Бүгін ерлер абсолюттік санаттағы плей-офф жүйесі бойынша, яғни бірінші жеңілістен кейін шығып қалудыойнады. Финалға дейін жетіп және ракеткаларын ұштастырған Нұрлан Дүйсенбинов (Алматы облысы) және Бақтыбай Жақсылықов (Маңғыстау облысы) болды. Нәтижесінде Нұрлан Дүйсенбинов чемпион атанды, Бақтыбай Жақсылықов күміс жүлдесін иеленді, ал қола медалін Батыс Қазақстан облысының ойыншысы Бейбіт Ықласов жеңіп алды. Ертең ардагерлер арасындағы ел чемпионатының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталатын болады.

Талап Қойбағаров, суретті түсірген Руслан Мырзағалиев