Құрметті достар, құрметті үстел теннисін жақсы көрушілер және спорт жанкүйерлері! Келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Өткен жыл біздің спортымыз үшін жаңа халықаралық деңгейге шығу және еліміздегі бұқараның көбеюімен есте қалды. Еліміздің туризм және спорт министрлігімен, Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, сондай-ақ облыстық федерациялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, көптеген ірі жобалар іске асырылды, бұл бізге тағы да ең табысты республикалық федерациялардың бірі болып қалуға мүмкіндік берді.
Биыл біздің еліміз алғаш рет "WTT Youth
contender Almaty" Халықаралық жасөспірімдер турнирін қабылдады, оған әлемнің
13 елінен келген жас таланттар қатысты. Сондай-ақ, осы күзде Алматыда екінші
рет "WTT Contender Almaty" халықаралық рейтингтік турнирі өтті, онда әлемдік
жұлдыздар өнер көрсетіп, бізді тамаша матчтармен қуантты.
Күнделікті кәсіби дайындықты жүзеге асыратын спортшылардың жыл сайынғы өсімін атап өткім келеді. 2023 жылы олардың саны 8700-ге жетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатына қатысатын спорт клубтарының көбеюі ерекше қуантады. Ағымдағы маусымның бес лигасында чемпионатқа 67 команда қатысты. Бұдан басқа, 2023 жыл ішінде жаттықтырушыларды ынталандыру, көтермелеу және материалдық қолдау көрсету мақсатында Федерация 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 20 жаттықтырушыға ай сайынғы стипендия төлеуді жалғастырды.
Еліміздің ұлттық құрамасының спортшылары да
тамаша нәтижелер көрсетті. Мысалы, біздің жас спортшымыз Алан Құрманғалиев төрт
рет ұлдар арасындағы Contender сериясының чемпионы атанды. Құрама команданың көшбасшысы
Кирилл Герасименко "WTT Feeder" турнирлерінің қола жүлдесін жеңіп
алды, ал бір айдан кейін алтын жүлде иегері атанды. Жалпы Қазақстан құрамасы 6
алтын, 5 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды.
Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда өткен Азия
чемпионатында ерлер мен әйелдер құрама командалары Азияның ең мықты сегіз
командасының қатарына кірді, осылайша 2024 жылғы командалық әлем чемпионатына
лицензия алды.
Өткен жылдың басты жаңалықтарының бірі - АTTU Азия үстел теннисі Одағының шешімімен Қазақстан Алматы қаласында 2024 жылғы XXVII Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Қазір біздің Федерация оны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін осы маңызды оқиғаға белсенді дайындалуда. Биылғы жылы біз іргетасты нығайтуға, болашақ жеңістердің мүмкіндіктері мен жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ балалар мен бұқаралық спортты дамытуға белсенді түрде ат салыстық. Келесі жыл біздің спортымыз үшін одан да табысты болатынына сенімдімін.
Біздің үлкен үстел теннисі отбасымызға денсаулық
пен амандық, жаңа ұмтылыстар мен ашылулар, сәтті бастаулар мен үлкен жеңістер
тілеймін. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізілсін, жоспарлар жүзеге
асырылсын, ал армандар орындалсын. Бақытты болыңыздар! Жаңа жылдарыңызбен!
Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулғазин