Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының 20 жаттықтырушысы үшінші жыл бойы Қазақстан үстел теннисі Федерациясынан ай сайынғы стипендияларын алуда. Бұл мақсаттарға шамамен 40 млн. теңге бөлінді.
Стипендияларды тағайындау кезінде жаттықтырушылардың, олардың тәрбиеленушілері тек ішкі жарыстарға ғана емес, сонымен қатар халықаралық
турнирлерге де қатысулары, тәлімгерлердің келешегі бар спортшыларды даярлауы, халық арасында үстел теннисін
насихаттау және ілгерілету жөніндегі қалалық, облыстық, республикалық маңызы бар
іс-шараларға белсенді қатысулары назарға
алынды.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 350 жаттықтырушы жұмыс
істейді, олар тұрақты негізде 8500-ден астам спортшымен айналысады. Елімізде осы олимпиадалық спорт түрімен барлығы 245 мыңға жуық адам
қамтылды, ал соңғы жылдары Қарағанды, Павлодар, Алматы, Тараз, Ақтөбе, Өскемен,
Шымкент және Астанада үстел теннисінің заманауи орталықтары ашылды. Қостанайда, Петропавлда, Талдықорғанда құрылыс жүріп жатыр.