Алматыда «ADD USTEL TENNIS ORTALYGY»
- да Орталық Азия елдерінің спорт төрешілеріне арналған семинар өтті, оған Қырғызстан,
Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері қатысты. Семинар жетекшісі, Халықаралық
санаттағы төреші Алексей Герасимов өз
әсерімен бөлісті:
«Семинардың мақсаты - ережелер алаңға шыққанға дейін,
матч кезінде және одан кейін нақты қолданылуы үшін төрешілердің жұмысын дұрыс
бағытта ұйымдастыру. Біз қандай ережелерді сақтау керектігін, допты беру
кезінде, ұтыс ойыны кезінде, тайм-аут кезінде қандай нюанстар бар екенін
егжей-тегжейлі қарастырдық.
Семинардың басында әртүрлі жағдайлар бойынша шағын тест (40 сұрақ) өткізілді. Екінші күні біз тесті тағы бір рет талдадық және прогресс айқын көрінді, жауаптарда қателіктер аз болды. Қазақстандық төрешілердің дайындық деңгейі семинардың басқа қатысушыларына қарағанда жоғары екенін атап өтемін. Төрешілерге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, үнемі жұмыс істеуге, ал алған білімдерін, тәжірибесін өңірлердегі әріптестеріне беруге тілектеспін».
Талап Қойбағаров