Премьер-Лига деңгейіне дейін жетпейме?

15.04.2019

№1 олимпиадалық резервтің Мәскеу орта арнайы училищесінің спорт залында Суперлиганың ерлер командалары арасында Ресей үстел теннисі Федерациясының чемпионаты аяқталды.40 ұпай жинап, бірінші орынды "Луч-Владимир" (Владимир қ.) жеңіп алды және келесі маусымда олар Премьер-лигада өнер көрсетеді. Екінші орында "Пермспецкабель"(Пермь қ. 38 ұпай), үшінші орында "Планета-Университет" (Ухта қ. 38 ұпай). Қазақстандық TTC "Astana" бүгін "ЦОП"(Краснодар қ.) командасын 3:0 есебімен жеңіп, "Ратен-Мәскеу" командасына 1:3 есебімен ұтылды және 37 ұпаймен төртінші орынға ие болды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның пікірі: «Жарысты қорытындылай келе, біздің Премьер-лигаға кіруіміз қолымыздан келгенін айта аламын, бірақ бұл мүмкіндікті жіберіп алдық.Қорытынды турға дейін көшбасшылар үштігінде болдық.Маңызды матчтарда Тимур Келбуғанов нөлдер бойынша ойнады.Ол сырқаттанғанын желеуретіп, командаға көмектеспеді.Денис Жолудев пен Бекұлан Жамалдың жеке матч тарына ризамын, ал жалпы нәтижеге жоқ. Жақын аймақтағы қарсы шабуылдарда мәселе бар, сол жақты әлсіз ойын, ал қиын жағдайда бағыттар бойынша ойнай алмайды.Сонымен қатар, беріліс сапасы меналу сапасы жақсарды, ұзақ ойындардың оң жағындағы шабуылдаушы ойын тұрақты болды.Келесі маусымда Премьер-лигаға шығу үшін біз қателіктерді қарастырамыз».

Талап Қойбағаров